"Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес банкі АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2014 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

15.10.14 14:05
/KASE, 16.07.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес банкі АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2014 жылдың 01 қазанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған акцияларының (тек KZ1C00160016 жай акциялары) жалпы саны 160 240 дана; - компанияның 34 890 акциясы орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға, жалғыз акционері "ХОУМ КРЕДИТ ЭНД ФИНАНС БАНК" ААҚ (Мәскеу, Ресей) болып табылады. [2014-10-15]