"КазТрансГаз Аймақ" АҚ оған қатысты әкімшілік жаза қолданғаны туралы хабарлады

14.10.14 14:44
/KASE, 14.10.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансГаз Аймақ" АҚ (Астана), биржаға (KASE), ресми хатпен төмендегіні хабарлады: ... ...Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен 2014 жылдың 18 қыркүйегінде Қоғамға әкімшілік құқық бұзушылық туралы әкімшілік жаза қолданғаны туралы қаулы алғаны туралы хабарлады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2014 жылдың 12 қыркүйегіндегі №140000803000630 хаттамаға сәйкес Қоғам Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 199 бабы бойынша әкімшілік құқығын бұзды. Әкімшілік жаза ретінде 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткіш түрінде айыппұл салынды, ол 740,800 (жеті жүз қырық мың сегіз жүз) теңгені құрайды. 2014 жылдың "09" қазанында бұл айыппұл төленді. ... [2014-10-14]