"Қазақстан Халық Жинақ банкі" АҚ HSBK (Europe) B.V. еншілес ұйымын ерікті түрде таратқаны туралы хабарлады

14.10.14 12:19
/KASE, 14.10.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық Жинақ банкі" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), ресми хатпен төмендегіні хабарлады: ... Банктің Директорлар кеңесі 2014 жылдың 30 қыркүйегінде банктің Нидерландтағы еншілес ұйымы HSBK (Europe) B.V. тарату туралы шешім қабылдады. Тарату рәсімі 2014 жылдың 9 қазанында басталды. Нидерланд заңына сәйкес сол күннен бастап екі ай күту мерзімі өту керек, содан кейін 2-3 аптадан соң тарату Нидерландтағы өкілетті органдарда тіркеледі. Компанияны тарату 2014 жылдың желтоқсан – 2015 жылдың қаңтар айларына жоспарланған. ... [2014-10-14]