08 қазаннан бастап KASE қайталама нарығы секторында "Конденсат" АҚ KZ2C0Y05E727 (KZ2C00002756, KONDb2) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

02.10.14 16:10
/KASE, 02.10.14/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) шешімімен KASE қайталама нарығы секторында "Конденсат" АҚ KZ2C0Y05E727 (KZ2C00002756, KASE ресми тізімі, "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты, KONDb2; 1 000,0 тенге, 5,0 млрд тенге; 14.07.14 – 14.07.19, жарты жылдық купон, жылдық 8,50 %; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "Банк ЦентрКредит" еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) атқарады. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2014 жылдың 14 шілдесінен бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kond мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-10-02]