/ҚАЙТАЛАУ/ "Халықтық IPO" бағдарламасы аясында "KEGOC" акцияларын орналастыруға байланысты жеке тұлғалардың назарына

06.10.14 10:05
/KASE, 29.09.14, 22.09.14 жаңалықты қайталау/ – "Бағалы қағаздардың орталық депозитариі" АҚ (Алматы) 2014 жылдың 18 қыркүйегінде ресми хатпен төмендегіні хабарлады: ... Жеке тұлғалардың назарына, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғалардың арасында "Халықтық IPO" бағдарламасы аясындағы "KEGOC" АҚ акцияларын орналастыру жоспарлануда. "Халықтық IPO" бағдарламасы аясындағы "KEGOC" АҚ акцияларын орналастыру бойынша есептерін Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі (одан әрі - Орталық депозитарий) жүргізеді. Орталық депозитарий бақылау жүргізу мақсатында "KEGOC" АҚ акцияларын сатып алуға "Қазақстан қор биржасы" АҚ өтінім қабылдаған кезде орналастыруға қатысатын жеке тұлғалардың азаматтығы туралы тексеру жүргізеді. Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі есепке алу жүйесінде жеке тұлғаның азаматтығы туралы мәліметтер болмаған жағдайда Орталық депозитарий Орталық депозитарийдің ережелер жинытығы депозитарлық қызметті жүзеге асыру ережесінің 37-1 - бабы 3 - тармағы 2) - тармақшасына сәйкес жоғарыда аталған өтінімді қабылдамайды. Қазіргі уақытта Орталық депозитарий есепке алу жүйесінде жеке тұлғалардың азаматтығы туралы ақпарат толық емес екендігін ескере отырып, "Халықтық IPO" бағдарламасы аясындағы "KEGOC" АҚ акцияларын орналастыруға қатысуды көздеп отырған, Орталық депозитарий есепке алу жүйесінде қосалқы шоты ашылған жеке тұлғаларды жедел түрде өзінің брокеріне немесе "Казпочта" АҚ өзінің азаматтығы туралы ақпараттың болуын тексеру мақсатында хабарласуын сұраймыз. Ондай ақпарат болмаған жағдайда жеке тұлғаларды өзінің қосалқы шоттарының деректемелеріне өзгерту енгізулерін сұраймыз. Аталмыш деректемелерді өзгерту туралы ақпаратты өзінің брокерінен немесе "Казпочта" АҚ алуына болады. ... [2014-10-06]