"Темiрбанк" АҚ өзінің KZ1P00260110 (KZ000A1CTM26, TEBNp) артықшылықты акциялары бойынша 2014 жылдың үшінші тоқсанына дивиденд төлеуді жоспарлап отыр

03.10.14 14:26
/KASE, 03.10.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Темiрбанк" АҚ (Алматы) өзінің KZ1P00260110 (KZ000A1CTM26, KASE ресми тізімі, үшінші санат, TEBNp) артықшылықты акциялары бойынша бір акцияға 25,00 теңге көлемінде үшінші тоқсанына дивиденд төлеуді көздеп отыр деп биржаға ресми хатпен хабарлады. Атамлыш хабарламаға сәйкес "Темiрбанк" АҚ дивидендтерді 2013 жылдың 01 қазанынан 30 қазанына дейін жүзеге асырады. Дивиденд алуға құқылы акционерлердің тізімі 2014 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша құрастырылған. [2014-10-03]