"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ 2014 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша қаржылық жағдайына талдау нәтижелері туралы хабарлады

30.09.14 17:28
/KASE, 30.09.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Алматы) KZP01Y05E368 (KZ2C00001907, AZHKb1; 1 000 теңге, 10,8 млрд теңге; 27.12.12 – 27.12.17, жылдық 8,50% жарты жылдық купон, 30/360) облигацияларын ұстаушылардың өкілі болып табылатын "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ, 2014 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша, "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ қаржылық жағдайын тексеру актісін биржаға ұсынды. Аталмыш актімен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/AZHK/azhk_akt_010714.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2014-09-30]