"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) қаржылық жағдайын талдау нәтижелерін мәлімдеді

30.09.14 16:55
/KASE, 30.09.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) (Астана) KZP01Y03E322 (KZ2C00001865, KZENb1; 100 теңге, 15,0 млрд теңге; 06.11.12 – 06.11.15, жылдық 5,00 % жарты жылдық купон, 30/360) облигацияларын ұстаушылардың өкілі болып табылатын "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ, 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша, "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) қаржылық жағдайын тексеру актісін биржаға ұсынды. Аталмыш актімен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZEN/kzen_akt_010714.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2014-09-30]