/KASE, 30.09.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, АҚ "Альфа-Банк" Еншілес ұйымы АҚ (Алматы)
KZP02Y05С980 (KZ2C00002434, ALBNb3; 1 000 теңге, 4,5 млрд теңге;
04.11.13 – 04.11.18, жылдық 7,00% жарты жылдық купон, 30/360)
облигацияларын ұстаушылардың өкілі болып табылатын "Банк
ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ, 2014 жылдың 01
шілдесіндегі жағдай бойынша, "Альфа-Банк" Еншілес ұйымы АҚ қаржылық
жағдайын тексеру актісін биржаға ұсынды.
Аталмыш актімен KASE интернет-сайтында
http://www.kase.kz/files/emitters/ALBN/albn_akt_010714.pdf
мекен-жайы бойынша танысуға болады.
[2014-09-30]