/KASE, 30.09.2014/ – 2014 жылдың 02 қазанында алматы уақытымен сағат
19.00 – ден бастап Қазақстан қор биржасы (KASE) және "Фридом
Финанс" АҚ бірлесіп "KASE фьючерстер нарығы" атты оқыту семинарын
өткізеді. Семинардың өтетін орны – "Фридом Финанс" АҚ мәжіліс
залы: Алматы қ, Әл-Фараби даңғылы, 17, "Нұрлы-Тау" бизнес-орталығы, 4
"Б" блогы, 17-ші қабат, 1704 кеңсе.
Семинардың аясында тыңдаушыларды KASE фьючерстері нарығының
сипаттамасымен, осы фьючерстермен мәміле жасау тәртібі мен
шарттарымен, KASE фьючерстер нарығында пайдаланылатын тәуекелді
басқару жүйесімен, сондай-ақ фьючерстік мәміле жасаудың тәжірибелік
мысалдарын көрсету жоспарланып отыр.
Семинарға қатысуға барлық мүдделі тұлғалар шақырылады.
"KASE фьючерстер нарығы" атты оқыту семинары 2014 жылдың
01 қазанынан 12 желтоқсанына дейінгі кезеңде биржаның деривативтер
нарығындағы жеке инвесторлар арасындағы конкурсқа даярлық аясында
өткізіледі.
Семинарға қатысу үшін қатысушы туралы толық ақпаратты (аты-жөні,
байланыс телефоны және электрондық почтасы) edu@kase.kz электрондық
мекен-жайына жіберілсін.
Семинардың бағдарламасы
http://edu.kase.kz/files/Programme_KASE_futures_25.09.2014.pdf мекен-жайында
жарияланды.
туралы ақпарат KASE ақпараттық-білім беру сайтында
http://edu.kase.kz/ru/konkurs2014#derivatives мекен-жайында орналасқан.
Анықтама телефоны: +7 (727) 237 5340.
Семинар тегін, орындар шектеулі.
[2014-09-30]