"Қазақстан Халық Банкі" АҚ Қазақстан республикасының Ұлттық Банкінің "HSBC БАНК КАЗАХСТАН" АҚ Еншілес Банкінің 100 % акцияларын сатып алуға рұқсат бергені туралы хабарлады

22.09.14 10:20
/KASE, 22.09.2014/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), 2014 жылдың 19 қыркүйегінде баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (бұдан әрі – "Халық Банкі") Ұлттық Банктің 2014 жылғы 12 қыркүйектегі №173 Қаулысына сәйкес «HSBC Банк Қазақстан» АҚ еншілес банкін (бұдан әрі – "Компания") сатып алуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014 жылғы 15 қыркүйектегі №114 Рұқсатын алғаны жөнінде хабарлайды. Бұған қоса, Ұлттық Банктің 2014 жылғы 12 қыркүйектегі №174 Қаулысына сәйкес Халық Банкі Компанияның банктік мәртебесін сатып алуға реттеушінің келісімін алды. Осыдан бұрын хабарланғандай, 2014 жылғы 26 ақпанда Халық Банкі HSBC Қазақстандағы еншілес ұйымы - "HSBC Банк Қазақстан" АҚ ЕБ акцияларының 100%-н Халық Банкінің HSBC-ден сатып алуы туралы HSBC Bank plc-мен келісім жасады. Компанияны сатып алу үдерісі 2014 жылдың аяғына дейін соңына жетеді деп күтілуде Баспас-з-хабарламасы "Қазақстан Халық Банкі" АҚ тел. +7 727 2 590 816, www.halykbank.kz цитата соңы [2014-09-22]