26 қыркүйектен бастап KASE қайталама нарығы секторында Еуразиялық даму банкінің KZP04Y05E388 (EABRK180919) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

25.09.14 15:39
/KASE, 25.09.14/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) шешімімен KASE қайталама нарығы секторында Еуразиялық даму банкінің KZP03Y05E388 (KASE ресми тізімі, "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты, EABRK180919; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 18.09.14 – 18.09.19, жарты жылдық купон, жылдық 7,20 %; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) атқарады. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты бойынша 2014 жылдың 09 қыркүйегінен бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/eabr мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-09-25]