"КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ ЖӘНЕ К. РАҚЫШЕВ "БТА БАНК" АҚ KZ1C34920013 (KZ000A0KFFC1, BTAS) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫН БАНКТІҢ МИНОРИТАРЛЫҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕН БІР АКЦИЯҒА 0,24162 ТЕҢГЕДЕН САТЫП АЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫНЫ ЖАРИЯЛАЙДЫ

24.09.14 15:43
/KASE, 24.09.2014/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), 2014 жылдың 23 қыркүйегіндегі төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: ... "Қазкоммерцбанк" Акционерлік қоғамы (ҚКБ) және жеке кәсіпкер Кеңес Ракишев "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңы 25-ші бабының 3-ші тармағына сәйкес, 2014 жылғы 29-шы шілдесінде жарияланған "БТА Банк" АҚ (БТА) жай акцияларын сатып алудың аяқталғаны жайында хабарлайды. Келіп түскен өтініштер мен атқарылған бұйрықтардың нәтижесі бойынша миноритарлық акционерлерден әр жай акцияның құны 0,24162 теңгені құрайтын БТА жай акциялардың 11 783 301 082 данасы сатып алынды. Олардың ішінде 11 777 418 751 данасы ҚКБ сатып алса, 5 882 331 данасы Ракишев мырзаға тиесілі. Ертеде қол жеткізілген мәмілелерге сәйкес, БТА-ның миноритарлық акционерлерден сатып алынған акциялардың барлығы ҚКБ мен Ракишев мырза арасында бірдей данаға бөлінетін болады (бір жай акцияның құны 0,24162 теңге). ... Осы баспасөз хабарламасының толық нұқсасымен KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1230582 мекен-жайында танысуға болады. [2014-09-24]