"Халықтық IPO" бағдарламасы аясында "KEGOC" акцияларын орналастыруға байланысты Орталық депозитарий депоненттерінің назарына

22.09.14 15:15
/KASE, 22.09.14/ – "Бағалы қағаздардың орталық депозитариі" АҚ (Алматы) 2014 жылдың 18 қыркүйегінде ресми хатпен төмендегіні хабарлады: ... Орталық депозитарий алдағы уақытта болатын "Халықтық IPO" бағдарламасы аясындағы "KEGOC" АҚ акцияларын орналастыруға байланысты, өзінің депоненттеріне жеке тұлғалардың атына ашылған қосалқы шоттардың деректемелеріне олардың азаматтығы туралы ақпаратты енгізу қажеттігі туралы хабарлайды, өйткені Орталық депозитарий есепке алу жүйесінде мұндай ақпарат жоқ болғандықтан, "KEGOC" АҚ акцияларын орналастыруға қатыса алмайтындығын ескертеді. Соған орай, Орталық депозитарий жеке тұлғалардың атына ашылған қосалқы шоттардың деректемелерін тексеруді сұрайды, қажет болған жағдайда Орталық депозитарийге "Депонент" АРМ арқылы электрондық түрде бағдарламалық қамтамасыз ету немесе Орталық депозитарийдің ережелер жиынтығының депозитарлық қызметті орындау туралы ережесінің 2 қосымшасына сәйкес қосалқы шоттарды өзгертуге Орталық депозитарийге бұйрықтарды жіберуді сұрайды (одан әрі – Ереже). Ережеге 2 қосымша Орталық депозитарийдің интернет-сайтындағы [Депозитарлық қызмет – Қолданыстағы редакция] бөлімінің [Нормативтік база] бөлімшесінде http://www.kacd.kz орналасқан. Орталық депозитарий сұрақтар туындаған жағдайда Орталық депозитарийдің Депозитарлық қызмет бөліміне 262–11–01 (ішкі. 110, 204 немесе 206) телефондарына хабарласуды сұрайды. ... [2014-09-22]