"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "Капитал" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ бір акцияға 20 227,14 теңгеден 22 170 жай акция сатып алуды көздеп отыр

18.09.14 16:17
/KASE, 18.09.14/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "Капитал" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), орналастырылған акцияларынан бес және одан да көп пайызын құрайтын жеке дауыс беруші акцияларын сатып алуды көздеп отырғаны туралы хабарлады. Аталмыш құжатпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KAPF/kapf_reliz_150914.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2014-09-18]