"Қазақстан Даму Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгергені туралы хабарлады

16.09.14 17:47
/KASE, 16.09.2014/ – Облигациялар Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана, одан әрі цитатада– Банк), биржаға (KASE) ресми хатпен төмендегі хабарламаны ұсынды: ... "Байтерек" Ұлттық Басқарушы холдингі" АҚ Басқармасының 2014 жылдың 07 тамызындағы шешіміне сәйкес №27/14 Болат Бидахметұлы Жәмішев "Қазақстан даму Банкі" АҚ 2014 жылдың 25 тамызынан бастап, "Қазақстан даму Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттігі аяқталған мерзімге дейін Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. ... [2014-09-16]