KASE Еуразиялық даму банкі KZP04Y05E388 (EABRK220919) облигацияларының арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізу күнін ауыстырғанына байланысты сауда-саттық кодын өзгертті

11.09.14 18:17
/KASE, 11.09.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2014 жылдың 11 қыркүйектегі шешімімен KASE сауда-саттық жүйесінде және мәліметтер базасында 2014 жылдың 20 мамырынан бастап Еуразиялық даму банкі KZP04Y05E388 (EABRK220919, (KASE ресми тізімі, "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздар" санаты, 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 5 жыл) халықаралық облигацияларының сауда-саттық коды, олардың шығарылым аңдатпасының шарттарына сәйкес аталмыш облигациялардың айналым күні мен өтеу күні өззгеруіне байланысты, EABRK220919 сауда коды EABRK180919 деп өзгертілді. KASE ішкі құжаты "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелеріне, қаржы құралдары мен бағлы қағаздар эмитентіне код беру тәртібі туралы нұсқаулыққа" сәйкес биржада сауда-саттық кезінде халықаралық қаржы ұйымдарының коды ретінде, өтеу күнін білдіретін, валюта мен цифрды әріппен белгілейтін халықаралық қаржы ұйымының коды тікелей қолданылады. Бұрын хабарланғандай, аталмыш облигациялар биржада 2014 жылдың 09 қыркүйегінен бастап "халықаралық ұйымдардың бағалы қағаздар" секторына енгізілген. [2014-09-11]