Global Brands журналының нұсқасы бойынша "Қазақстан Халық жинақ Банкі" АҚ "Қазақстанның 2014 жылғы үздік банкі" атауы бойынша жеңімпаз деп танылғаны туралы хабарлады

11.09.14 15:31
/KASE, 11.09.2014/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ Банкі" АҚ (Алматы), биржаға (KASE) 2014 жылдың 11 қыркүйекте төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы Британдық "Global Brands" атты журналда жарияланған қаржы ұйымдары жалпы әлемдік рейтингінің нәтижелері бойынша "Қазақстан Халық Банкі" АҚ ("Halyk Savings Bank" брендімен) Қазақстанда 2014 жылғы «Ең үздік жетекші банк» (Best Banking Performer 2014, Kazakhstan) номинациясында жеңімпаз болып танылды. "Global Brands Magazine Award" – әр түрлі салаларда, соның ішінде қаржы саласында да, түрлі брендтер туралы әңгімелейтін журналдың жыл сайынғы сыйақысы. Номинанттарды бағалау үшін сырттай зерттеушілік сарапшылар тобы құрылды. Сарапшылар деректерді әр түрлі көздер, соның ішінде басқа да ақпарат жеткізушілер мен жылдық есептер арқылы, зерттеді. Зерттеулердің ауыспалы факторлары ретінде келесі көрсеткіштер есепке алынды: түсім, кіріс/залал, нарықтық капиталдандыру, соңғы үш жыл ішіндегі меншікті капиталдың пайдалылығы, І деңгейдегі капитал жеткіліктілігінің коэффициенті, міндеттемелер, халықаралық рейтингтер, капитал жеткіліктілігінің коэффициенті (нарықтық тәуекелмен және нарықтық тәуекелсіз), төленген дивидендтер, активтердің жалпы көлеміндегі жұмыс істемейтін активтер үлесі, активтер пайдалылығы, бағалар мен кірістің өзара қатыстылығы және активтерді әртараптандыру. Барлығы зерттеу барысында 3,300 аса әлемдік банк бренді талданды, оның нәтижесінде рейтингтің соңғы тізіміне әлемнің жүзге жуық қаржы институты кірді. Биылғы лауреаттар тізімімен толығырақ танысу үшін мына сілтеме арқылы өту керек: http://www.globalbrandsmagazine.com/award-winners-2014/ . цитата соңы [2014-09-11]