"Қазақмыс" Сақтандыру компаниясы" АҚ KZ1C45790017 (KZ1C00001056, KMIC) жай акциялары үшінші санат бойынша биржада листинг процедурасынан өтті

10.09.14 11:14
/KASE, 10.09.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 06 маусымындағы шешімімен "Қазақмыс" Сақтандыру компаниясы" АҚ KZ1C45790017 (ISIN – KZ1C00001056) жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енетін күні туралы,аталған акцияларды шығару бастамшысы аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. KASE аталмыш акциялардың сауда-саттығы ашылуы туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2014 жылдың 24 маусымындағы бағалы қағаздардың шығарлымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес "Қазақмыс" Сақтандыру компаниясы" АҚ жарияланған акцияларының шығарылымы 1 265 000 жай акцияларға бөлінген, ұлттық сәйкестендіру коды KZ1C45790017 берліген. Шығарылым эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А4579 номерімен енгізілген. "Қазақмыс" Сақтандыру компаниясы" АҚ қаржылық кеңесшісі "Сентрас Секьюритиз" (Алматы) АҚ болып табылады. Аталмыш акцияларға қысқартылған (сауда коды) KMIC берілді. "Қазақмыс" Сақтандыру компаниясы" АҚ негізгі қызметі – сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру) жүзеге асыру болып табылады. Осы облигациялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында жарияланады. [2014-09-10]