"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлер Ұлттық палатасымен ынтымақтастықтың екінші кезеңін жүзеге асырғаны туралы хабарлады

08.09.14 17:19
/KASE, 09.09.2014/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), 2014 жылдың 08 қыркүйегінде баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы Екінші кезең шеңберінде аудандардағы ШОБ даму деңгейі бойынша тартымды болуы ықтимал кәсіпкерлерді белсене тарту жоспарлануда. Осыған орай Қазақстан Халық банкі облыстық және өңірлік филиалдарында «Кеңес беру топтары» құрылып жатыр, оның құрамындағы Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының басшылары, Халық банкі филиалдарының директорлары, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорының, «ҚазАгро» холдингінің өкілдері кәсіпкерлермен Банктің аудандық басқармаларында және кәсіпкерлер палатасының жергілікті өкілдіктерінде жұмыс жүргізу үшін аймақтарға баратын болады. Бұған қоса, ай сайынғы кезең бойынша, әр айдың үшінші сәрсенбі күнінде аудандарға кеңесшілердің баруы ұйымдастырылады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Халық банкі, «Даму» КДҚ, «ҚазАгро» холдингі еншілес компанияларының, әкімдіктердегі кәсіпкерлік басқармаларының, облыстық БАҚ өкілдері ай сайынғы негізде «Кеңес беру топтары» мен «Кеңес беру орталықтарының» ағымдағы жұмыстарының нәтижелерін «Кәсіпкерлер күніне» шығарып отырады. цитата соңы Аталмыш баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет- сайтында: - қазақ тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_080914_kz.pdf; - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_080914.pdf танысуға болады. [2014-09-09]