09 қыркүйектен бастап Еуразиялық даму банкінің KZP04Y05E388 облигациялары биржада "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторында айналымға жіберілді

08.09.14 18:25
/KASE, 08.09.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2014 жылдың 09 қыркүйегіндегі шешімімен Еуразиялық даму банкінің KZP04Y05E388 (1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 5 жыл; жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша бірінші аукционның қорытынсдысы бойынша анықталған; 30/360) облигациялары биржада "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторында айналымға жіберілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті 2012 жылдың 11 желтоқсанында жалпы сомасы 150,0 млрд теңгеге тіркелген, Еуразиялық даму банкінің бірінші облигациялық бағдарламасы аясында төртінші шығарылымы болып табылады. Аталмыш облигацияларға EABRK220919 сауда коды берілген. Биржадағы аталмыш облигациялармен сауда-саттық ашу туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигацияларды шығару турлы толық ақпарат KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/EABR мекен-жайында танысуға болады. [2014-09-08]