2014 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстан қор биржасындағы шетел валюталарымен сауда-саттық көлемі 1,7 есе өсіп, 19,4 трлн теңгені ($109,3 млрд) құрады
03.09.14 19:43
/KASE, 03.09.14/ – 2014 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстан қор
биржасындағы (KASE) шетел валюталарының сауда-саттық көлемі,
валюталық своп операцияларын қосқанда, 19 426,3 млрд теңгені
(баламасы 109 349,8 млн АҚШ долларына тең) құрады және 2013 жылдың
тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе (долларлық көрсетілімде 1,5 есеге)
өсті.
Алдыңғы жеті айлық кезеңмен (маусым-2013 жылдың желтоқсаны)
салыстырғанда сауда-саттық көлемі 40,9 %-ға (долларлық көрсетілімде
21,3 %-ға) өсті.
Төмендегі кестеде 2014 жылдағы шете валюталарының KASE сауда-
саттығының көлемі айларға бөлініп көрсетілген, сондай-ақ 2013 жылдың
тиісті кезеңімен салыстырмалы мәліметтер берілген.
-----------------------------------------------------------------------------
Сауда-саттық көлемі
------------------------------- ---------------- ------- --------
спот-нырығы, млн своп-нарығы, млн
------------------------------- ----------------
------- ------- ------- бәрі, бәрі,
Жыл, USD/KZT EUR/KZT EUR/USD RUB/KZT
EUR/KZT млрд млн
айы USD/KZT KZT USD
----------- ------- ------- ------- ------- ------- -------- ------- --------
2014, I 7323,1 0,9 0 289,0 8222,1 0 2412,9 15554,9
2014, II 9242,1 1,3 0 452,1 7118,0 125,0 2905,3 16546,1
2014, III 8213,5 1,8 0 190,6 7389,1 200,0 2894,6 15885,7
2014, IV 3998,9 36,5 0 224,8 7476,0 190,0 2147,0 11794,2
2014, V 5085,0 1,1 0 201,6 5120,7 100,0 1890,3 10350,7
2014, VI 5422,6 21,4 0 352,3 7225,2 80,0 2348,2 12796,5
2014, VII 6138,8 11,3 0 675,1 6357,8 60,0 2314,5 12613,0
2014, VIII 8756,1 0,9 0 1680,8 5004,8 0 2513,4 13808,8
----------- ------- ------- ------- ------- ------- -------- ------- --------
Барлығы 54180,0 75,2 0 4066,3 53913,7 755,0 19426,3 109349,8
----------- ------- ------- ------- ------- ------- -------- ------- --------
2013, I–VII 39344,2 10,5 0 2666,2 35616,4 0 11379,4 75059,3
тренді, % +37,7 +619,6 X +52,5 +51,4 X +70,7 +45,7
-----------------------------------------------------------------------------
03.01.14 бастап 31.08.14 дейінгі кезеңде Биржаның негізгі (таңертеңгілік)
сауда сессиясының барлық мәмілелері бойынша есептелген теңгенің АҚШ
долларына орташа сараланған бағамы бір долларға 182,02 теңгені,
барлық биржалық мәмілелер бойынша бір долларға 182,02 теңгені құрады.
Теңгенің АҚШ долларына орташа сараланған биржалық бағамы бойынша
девальвация жылдамдығы ағымдағы жылы жылдық 27,24 %-бен
бағаланады. 2013 жылдың сегіз айында теңгенің АҚШ долларына
девальвациясы деңгейі номиналды көрсетілімде 18,14 % құрады.
2013 жылы теңгенің АҚШ долларына девальвациясы деңгейі ноиминалды
көрсетілімде 1,58 % құрады.
2012 жылы теңгенің АҚШ долларына девальвациясы деңгейі номиналды
көрсетілімде 0,61 % құрады
[2014-09-03]