"Исткомтранс" ЖШС (Қазақстан) компанияның 11,4 млрд теңге қаржысын кепілдікке бергені туралы хабарлады

26.08.14 14:21
/KASE, 26.08.2014/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Исткомтранс" ЖШС (Алматы, одан әрі – компания) биржаға (KASE) ресми хатпен төмендегіні хабарлады. цитата басы ... эмитент активінің бес және одан да көп пайызын құрайтын эмитент мүлігін кепілге беру (қайта кепілге қою) туралы: 1. Эмитент мүлігін кепілге (қайта кепілге) беру туралы органның шешім қабылдаған күні: Қадағалау кеңесінің 2014 жылдың 15 тамызындағы шешімі. 2. Эмитент мүлігін кепілге (қайта кепілге) беру күні (келісім-шарт жасау): 2014 жылдың 22 тамызы; 3. Эмитенттің кепілге берілген мүлік құны: 11 448 967 173 теңге; 4. Мәміле мәні болып табылатын мүлікті соңғы бағалау күні: жоқ; 5. Серіктестіктің активінің жалпы құнына тең мәміле мәні болып табылатын мүліктің пайыздық қатынасы: 9,7%. цитата соңы [2014-08-26]