/KASE, 21.08.2014/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон) бүгін биржаға
жолдаған 2014 жылдың 21 тамызындағы баспасөз хабарламасындай былай
деп мәлімдеді:
цитата басы
2014 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақмыс
Тобы тұрақты қаржылық және өндірістік көрсеткіштер көрсетіп отыр.
Катодты теңгерімдегі мыс өндірісі 139 мың тоннаны құрады, жыл соңына
қарай жоспарлы көрсеткіш – 285-295 мың тоннаға қол жеткізіледі деп
күтілуде.
2014 жылдың бірінші жартыжылдығында Топ қызметі ресурстарды тиімді
басқаруға, сондай-ақ металдар бағасының төмендеуі жағдайында
операциялық және капиталдық шығындарды аса мұқяит қадағалауға
бағытталды. Мыстың таза ақшалай өзіндік құны 13 пайызға төмендеп,
фунтына 203 АҚШ центын құрады. Есепті кезеңде операциялық қызметтен
түскен таза ақша ағыны 200 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2013 жылдың
бірінші жарты жылындағыдан 73 млн АҚШ долларына артық.
Мыс өнімдерін өткізудің орташа бағасы бірінші жартыжылдықта Лондон
металдар биржасында мыстың орташа бағасының төмендеуіне
байланысты, сондай-ақ сату көлемінде катодты мысқа қарағанда едәуір
төмен бағамен өткізілетін Жезқазған аймағының мыс концентраты үлесінің
артуына байланысты, бірінші жартыжылдықта тоннасына 6704 АҚШ
долларына дейін төмендеді.
цитата соңы
Баспасөз хабарламаның толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында:
- қазақ тілінде –
http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_210814_kz.pdf
мекен-жайы бойынша;
- орыс тілінде –
http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_210814.pdf
мекен-жайы бойынша танысуға болады.
[2014-08-21]