/KASE, 15.08.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
2014 жылдың 06 тамызындағы шешімімен Банк ВТБ ААҚ сериясы БО-22
RU000A0JTN01 (1 000 рубль, 15,0 млрд рубль; 19.02.2013 – 16.02.16;
жылдық 7,90 % тоқсандық купон; actual/365) биржалық облигациялары
KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар"
санаты бойынша енгізілді.
Жоғарыда аталған шешім, рұқсаттама бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ
"Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағының
2) тармақшасын орындағаннан кейін, 2014 жылдың 15 тамызынан бастап өз
күшіне енді.
Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығының
ашылуы датасы туралы қосымша жарияланады.
Аталмыш облигацияларға RU_VTBRb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық
коды) берілді.
Облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат жуырдағы
уақытта KASE интернет-сайтында
http://www.kase.kz/ru/emitters/show/ru_vtbr
мекен-жайы бойынша жарияланады.
[2014-08-15]