«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk Bank) Asian Banking & Finance халықаралық қаржылық басылымының пікірі бойынша Қазақстанның 2014 жылдағы ең үздік бөлшек банкі болып аталғаны туралы хабарлады
13.08.14 15:26
/KASE, 13.08.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, «Қазақстан Халық жинақ Банкі» АҚ (Алматы),
биржаға 2014 жылдың 13тамызында жолдаған баспасөз-хабарламасында
былай деп мәлімдеді:
цитата басы
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk Bank) Asian Banking & Finance
халықаралық қаржылық басылымының пікірі бойынша Қазақстанның
2014 жылдағы ең үздік бөлшек банкі болып аталды.
Asian Banking and Finance Retail Banking Awards 2014 жыл сайынғы
зерттеулерінің нәтижелері бойынша Halyk Bank «Қазақстанның 2014
жылдағы ең үздік бөлшек банкі» номинациясында жеңіп шықты.
Номинация көптеген факторларды есепке алады, солардың ішінде Банк
өткен жыл бойы енгізіп, жетілдіріп жүрген бөлшек өнімдердің бірегейлігі мен
инновациялық сипаты, жаңа өнімдердің нарықтың құбылмалы талаптарына
бейімделуі дәрежесі, жаңа өнімдер арқылы жетілген нәтижелер және Банк
пен оның акционерлеріне тигізген ықпалы.
Asian Banking & Finance жылдар бойы Азиядағы ең үздік банк және қаржы
ұйымдарын таңдап келе жатыр. Биыл марапат алуға номинанттар арасында
Таяу Шығыс, Орталық, Оңтүстік-Шығыс Азия және Тыныс мұхит өңірі
елдеріндегі екі жүзден аса ең ірі қаржы институттарының өкілдері болды.
Қазылар алқасының құрамында PriceWaterhouseCoopers, KPMG, Deloitte
Consulting және Ernst&Young Advisory LLP компанияларының өкілдері
болды.
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ
Баспасөз қызметі
тел. +7 727 2 590 816,
www.halykbank.kz
цитата соңы
[2014-08-13]