ВТБ Банкі АҚ Еншілес ұйымы (Қазақстан) Standard & Poor's банктің рейтингілік бағалауларын растағаны туралы хабарлады

12.08.14 16:58
/KASE, 12.08.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, ВТБ Банкі АҚ Еншілес ұйымы (Алматы) (бұдан әрі – Банк), бүгін биржаға жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: ... 2014 жылдың 08 тамызынан бастап "Standard & Poor's" несиелік рейтингтер қызметіі Банктің рейтингін жаһандық шкала бойынша "ВВ+/Негативті/В" деңгейінде және ұлттық шкала бойынша "kzAA-" деңгейінде растады. ВТБ Банкі АҚ Еншілес ұйымы (Қазақстан) ұсынған, Standard & Poor's баспасөз-хабарламасының ағылшын тіліндегі нұсқасымен KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/BVTB/bvtb_reliz_080814.pdf мекен- жайы бойынша танысуға болады. [2014-08-12]