Листингілік комиссия 2014 жылдың 08 тамызында "Алматытемір" АҚ KZ2C0Y17C783 (KZ2C00001493, ALTMB1) облигацияларын KASE ресми тізімінің "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасынан "буферлік санат" санатына ауыстыруға негіздерді жою бойынша іс-шаралар жоспарын қабылды

11.08.14 13:03
/KASE, 11.08.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы "Алматытемір"АҚ (Алматы) KZ2C0Y17C783 (KZ2C00001493, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, ALTMb1; 1 теңге, 2,0 млрд теңге; 01.11.07 – 01.11.24, жарты жылдық купон 4,0 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің "буферлік санат" санатына ауыстыруға негіздерді жою жөніндегі 2014 жылдың 08 тамызындағы іс-шаралар жоспары қабылдады. KASE 2014 жылдың 29 шілдесіндегі тұжырымдамасында "Алматытемiр" АҚ және оның аталмыш облигацияларын, Алматы қаласы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігі Төрағасының "Алматы қаласы Өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда-саттық алаңының тізіміне кіргізілуге болжанған немесе кіргізілген бағалы қағаздардың эмитенттеріне, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар туралы" 2008 жылдың 08 мамырындағы # 04.2-09/119 бұйрығының Қосымшасында белгіленген "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасына арналған листингілік талаптарға сәйкестігін тексеру нәтижесінде, "Алматытемiр" АҚ таза пайданың бар болуына қойылатын листингілік талаптарға сәйкессіздігі анықталды. "Алматытемiр" АҚ, аудиторлық есептермен расталған, 2011-2013 жылдарға есеп берушіліктеріне сәйкес, соңғы үш жылда (2011 жылы шығыны 113 766 мың теңгені, 2012 жылы – 3 493 158 мың теңгені, 2013 жылы – 245 634 мың теңгені құрады) таза пайда болмаған. Аталмыш Талаптардың 13-1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес бағалы қағаздардың және олардың эмитенттерінің 10 және 11 тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкессіздігі борыштық бағалы қағаздарды KASE ресми тізімінің "буферлік санат" санатшасына ауыстыруға негіз болып табылады. Аталмыш Талаптардың 13-5 тармақтарына сәйкес, "Алматытемiр" АҚ 2014 жылдың 18 шілдесінде биржаға оның бағалы қағаздарын KASE ресми тізімінің "буферлік санат" санатшасына ауыстыруға негіздерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынды. Аталмыш Талаптардың 13-7 тармағына сәйкес Листингілік комиссиясының шешімімен бекіту сұрағы KASE Биржалық кеңесінің жуырдағы отырысында қаралады. [2014-08-11]