"Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы" "Halyk Finance" акционерлік қоғамына 14 тамыздан бастап "АТФ Банк" АҚ KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808, ATFBb8) облигациялары бойынша Қазақстан қор биржасында маркет-мейкері мәртебесі берілді

12.08.14 11:47
/KASE, 12.08.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасының шешімімен 2014 жылдың 14 тамызынан бастап "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы" "Halyk Finance" АҚ (Алматы) өтініші негізінде "АТФ Банк" АҚ (Алматы) KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808; KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ATFBb8; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 09.07.12 – 09.07.17, жарты жылдық купон, жылдық 7,50 %; 30/360) облигациялары бойынша маркет-мейкер мәртебесі берілді: Маркет-мейкер аталмыш облигациялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап өз міндеттерін атқаруға міндетті. [2014-08-12]