2014 жылдың 11 тамызынан бастап "Алматытемір" АҚ KZ2C0Y17C783 (KZ2C00001493, ALTMb1) облигациялары KASE ресми тізімінің "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасынан "буферлік санат" санатына ауыстырылды

11.08.14 15:31
/KASE, 11.08.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 11 тамызындағы шешімімен "Алматытемір"АҚ (Алматы) KZ2C0Y17C783 (KZ2C00001493, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, ALTMb1; 1 теңге, 2,0 млрд теңге; 01.11.07 – 01.11.24, жарты жылдық купон 4,0 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің "буферлік санат" санатына ауыстыруға негіздерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды. Листингілік комиссияның аталмыш шешімі 2014 жылдың 11 тамызынан бастап өз күшіне енеді. KASE 2014 жылдың 08 тамызындағы "Листингілік комиссиясы 08 тамызда "Алматытемiр" АҚ KZ2C0Y17C783 (KZ2C00001493, ALTMb1) облигацияларын KASE ресми тізімінің "буферлік санат" санатына ауыстыруға негіздерді жою жоспарын қабылдады" тақырыбына жаңалығымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1227270 мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2014-08-11]