"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ KZP01Y09Е709 (KZ2C00002731, AGKKb4) облигациялары Қазақстан қор биржасында "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

11.08.14 11:56
/KASE, 11.08.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 08 тамызындағы шешімімен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана) KZP01Y09Е709 (KZ2C00002731; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 8,5 жыл, жылдық 8,50 % жарты жылдық купон; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2 тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы 2014 жылдың 30 мамырында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен тіркелген, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ екнші облигациялық бағдарламасының, жалпы сомасы 30,0 млрд теңге, аталған эмитенттің биржада листинг процедурасынан өткен "ішкі" облигацияларының төртінші шығарылымы болып табылады. "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ андеррайтері Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілдері "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған AGKKb4 белгісі (сауда-саттық коды) берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE инитернет-сайтында жарияланады. [2014-08-11]