/KASE, 07.08.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
2014 жылдың 06 тамызындағы шешімімен Банк ВТБ ААҚ сериясы БО-22
RU000A0JTN01 (1 000 рубль, 15,0 млрд рубль; 19.02.2013 – 16.02.16;
жылдық 7,90 % тоқсандық купон; actual/365) биржалық облигациялары
KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар"
санаты бойынша енгізілді.
Жоғарыда аталған шешімнің күшіне ену датасы туралы рұқсаттама
бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі
құжатының 18 бабы 1 тармағының 2) тармақшасын орындағаннан кейін
қосымша жарияланады.
Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығының
ашылуы датасы туралы қосымша жарияланады.
Аталмыш облигацияларға RU_VTBRb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық
коды) берілді.
Облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат жуырдағы
уақытта KASE интернет-сайтында
http://www.kase.kz/ru/emitters/show/ru_vtbr
мекен-жайы бойынша жарияланады.
[2014-08-07]