07 тамыздан бастап KASE қайталама нарық секторында ALTYNALMAS GOLD LTD. (Канада) CA02216R1064 (CA_ALTN) жай акциялары бойынша сауда-саттық ашылады

06.08.14 17:53
/KASE, 06.08.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2014 жылдың 07 тамызынан бастап KASE қайталама нарық секторында ALTYNALMAS GOLD LTD. (Ванкувер) CA02216R1064 (KASE ресми тізімі, үшінші санат, CA_ALTN) жай акциялары бойынша сауда- саттық ашылады. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш акциялардың баға белгілеуінің дәлдігі қазақстандық теңгемен көрсетілген акция бағасының үтірден кейінгі екінші ондық таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш акциялар KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша 2014 жылдың 12 мамырынан бастап енгізілген. Аталмыш акциялар бойынша нақтырақ ақпараттар KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/ca_altn мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-08-06]