/KASE, 06.08.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2014 жылдың 07 тамызынан бастап KASE қайталама нарық
секторында ALTYNALMAS GOLD LTD. (Ванкувер) CA02216R1064 (KASE
ресми тізімі, үшінші санат, CA_ALTN) жай акциялары бойынша сауда-
саттық ашылады.
KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш акциялардың баға белгілеуінің
дәлдігі қазақстандық теңгемен көрсетілген акция бағасының үтірден кейінгі
екінші ондық таңбасына дейін деп белгіленді.
Аталмыш акциялар KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша
2014 жылдың 12 мамырынан бастап енгізілген.
Аталмыш акциялар бойынша нақтырақ ақпараттар KASE интернет-
сайтында
http://www.kase.kz/ru/emitters/show/ca_altn мекен-жайы бойынша
жарияланған.
[2014-08-06]