31 шілдеден бастап KASE қайталама нарығы секторында "Маңғыстау электр желілерін бөлу компаниясы" АҚ KZP07Y10B668 (KZ2C00002707, MREKb8) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

29.07.14 16:43
- /KASE, 29.07.14/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 2013 жылдың 31 шілдесіндегі шешімімен KASE қайталама нарығы секторында "Маңғыстау электр желілерін бөлу компаниясы" АҚ (Ақтау) KZP07Y10B668 (KZ2C00002707, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, MREKb8; 1 теңге, 2,4 млрд теңге; 14.07.14 – 14.07.24; жарты жылдық купон, жылдық 7,50 %; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ (Алматы) атқарады. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2014 жылдың 10 маусымынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/mrek мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-07-29]