"КазТрансОйл" АҚ 2014 жылдың екінші тоқсанына өзінің шоғырландырылмаған қаржы нәтижелері туралы хабарлады

28.07.14 15:20
/KASE, 28.07.14/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" (Астана), биржаға (KASE) 2014 жылдың 28 шілдесінде баспасөз-хабарламасын ұсынды : цитата басы Жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнай тасымалдау көлемі 25 млн. 44 мың тонна құрады, бұл 2014 жылғы 1 жартыжылдық жоспардың 99,5 пайызын құрайды. Мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау және қотарудың шоғырланған көлемі 30 млн. 880 мың тоннаны құрады, бұл жоспарланған көрсеткішінен 1,8 пайыз төмен. Жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнай жүк айналымы 17 млрд. 927 млн. тонна-километрды құрады, бұл жоспардан на 2,6 пайыз жоғары. Мұнайдың шоғырланған жүк айналымы 22 млрд. 105 млн. тонна-километрды құрады, бұл 2014 жылғы 1 жартыжылдық жоспардан 1,6 пайыз төмен. цитата соңы осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_280714.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2014-07-28]