Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ акцияларын 2013 жылдың 05 желтоқсанынан 2014 жылдың 04 маусымына дейінгі кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

25.07.14 14:51
/KASE, 25.07.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ (Алматы) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) 2014 жылдың 17 шілдесіндегі банк акцияларының 2013 жылдың 05 желтоқсанынан 2014 жылдың 04 маусымына дейін орналастыру нәтижелері туралы есебін бекіту жөнінде ескерту хатының көшірмесін ұсынды. Аталмыш хатқа сәйкес есептік кезеңде компания акциялары орналастырылған жоқ, 2014 жылдың 29 мамырындағы жағдай бойынша аталмыш компанияның 12 871 481 549 жай және 290 140 570 артықшылықты акциялары орналастырылмаған. Оның жарғылық капиталы 147 358 077 000 теңге көлемінде. Банктің акцияларының орналастыру туралы есебі KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_razm_170714.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2014-07-25]