"Қазақстан Даму Банкі" АҚ еншілес ұйымы "БРК-Лизинг" АҚ заңды мекен-жайы өзгергені туралы хабарлады

25.07.14 10:56
/KASE, 25.07.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ еншілес ұйымы "БРК- Лизинг" АҚ (Астана), биржаға (KASE), Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2014 жылдың 18 шілдесіндегі "Қазақстан Даму Банкі" АҚ еншілес ұйымы "БРК-Лизинг" АҚ заңды тұлға ретінде мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасының көшірмесін биржаға ұсынды. Ұсынған ақпаратқа сәйкес "Қазақстан Даму Банкі" АҚ еншілес ұйымы "БРК-Лизинг" АҚ орналасқан мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай Батыр, 15а. [2014-07-25]