"Halyk Finance" АҚ Fitch Ratings рейтингілік агенттігінің рейтингілік бағасын ұсынғаны туралы хабарлады

24.07.14 17:11
/KASE, 24.07.14/ – Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы, тақырыптамада – "Halyk Finance" АҚ) биржаға (KASE), 2014 жылдың 24 шілдесіндегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі "Halyk Finance" АҚ-на (бұдан әрі - "Halyk Finance" немесе "Компания") шетелдік және ұлттық валютада ұзақ мерзімді эмитент дефолтының рейтингтерін ("ЭДР") «ВВ» деңгейінде, болжамы «Тұрақты», шетелдік және ұлттық валютада қысқа мерзімді ЭДР «В» деңгейінде және қолдау рейтингін «3» деңгейінде берді. "Halyk Finance" АҚ Басқарма Төрағасы Арнат Абжанов: «Соңғы 10 жыл бойы компаниямыз біздің қызмет саласында әрқашанда алғаш жол салушы және жоғары сапалы бастамашы ретінде шығып, қазақстандық инвестициялық-банк қызметтерінің нарығында өзінің жетекші жайғасымын алып, оны нығайту үшін, отандық тәжірибеге бизнесті жүргізудің үздік халықаралық стандарттарды енгізуден бастап, біздің клиенттеріміздің ең күрделі, және сонымен қатар бірегей болып табылатын жобаларын қысқа мерзім ішінде табысты түрде аяқтауға дейін, көптеген істер атқарды. Міне, қазір де, Halyk Finance халықаралық кредиттік рейтингке ие болған Қазақстандағы 1-ші және жалғыз банк болып шықты", – деп, түсіндірме берді. Halyk Finance-қа соншалық жоғары деңгейде халықаралық рейтингті беру бағалы қағаздар нарығындағы ашық әрі айқын қызмет қағидаттарына берік болуымыздың кезекті объективті растамасы болып табылады – және де аталған қағидаттардың басты бенефициарлары ретінде біздің клиенттеріміз болып келеді. Біз алған рейтинг ТМД барлық нарығында берілген ең жоғары рейтингтерінің бірі болатыны біз үшін маңызды әрі айтарлықтай жетістік болып келеді». "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова кредиттік рейтингтің берілуі жөнінде: «Соңғы апта Халық Тобы үшін көптеген оқиғаларға толы болды. Өздеріңізге мәлім болатындай, Standard & Poor’s «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «ВВ» деңгейінен «ВВ+» дейін көтерді. Енді міне, біздің еншілес компаниямызға Fitch-тен «ВВ» рейтингі берілді. Бұл Топ компанияларын қуанышқа бөлейтін позитивті тренд. Halyk Finance Халық Тобының дамыту стратегиясының ажыратылмас бөлігі болып табылады, сондықтан біз Компанияның кәдімгі брокерлік-дилерлік ұйымнан толық құнды премиялық инвестициялық банкіне айналу үдерісіне ерекше көңіл бөлеміз. Жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінен рейтинг алу Halyk Finance үшін нышанды оқиға болып, Компанияны дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы дұрыс таңдалғанын білдіреді "- деп белгіледі. цитата соңы [2014-07-24]