"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ 100 млн АҚШ доллары көлемінде қарыз алғаны туралы хабарлады

24.07.14 15:06
/KASE, 24.07.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана бұдан әрі цитатада - қоғам) биржаға (KASE) ресми хатпен төмендегіні хабарлады: ... "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ 2014 жылдың 14 шілдесінде 2014 жылдың 11 наурызындағы қысқа мерзімді несиелер туралы Бас келісімі аясында 100 млн. АҚШ долларын алғаны туралы хабарлады. 1) Акционерлік қоғамның қарыз алу туралы шешім қабылдау күні: 2014 жылдың 18 маусымындағы №23 хаттамасы. 2) Акционерлік қоғамның қарыз алған күні: 2014 жылдың 18 шілдесі. 3) Акционерлік қоғамның алған қарызды мақсатты жұмсауы: айналымдағы қаражатты толтыру. 4) Акционерлік қоғамның алған қарыз көлемі: 100 000 000 АҚШ доллары. 5) Акционерлік қоғамның алған қарызының акционерлік қоғамның жеке капиталының көлеміне пайыздық қатынасы: алған қарызының (100 млн. АҚШ доллары, теңге баламасымен - 18,3 млрд. теңге) жеке капиталының көлеміне пайыздық қатынасы (01.04.2014 жылға – 62,1 млрд. теңге) 29,5% құрайды. ... [2014-07-24]