"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ 2012-2013 жылдарға жай акциялар бойынша дивиденд төлегені туралы хабарлады

21.07.14 17:28
/KASE, 21.07.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), ресми хатпен хабарлама ұсынды: ... "Алатау Жарык Компаниясы" АҚ (одан әрі- "АЖК" АҚ) "Самұрық-Энерго" АҚ Басқармасы отырысының 2013ж.12.06. шешімі негізінде, №6 хаттамасы бойынша 2012 жылға 60 000 000 (алпыс миллион) теңге көлемінде дивиденд төледі. Бір жай акцияға дивденд көлемі 3 теңге 60 тиын, дивиденд төлеу 2014 жылдың 15 шілдесінде ақша қаражатын жалғыз акционері "Самұрық-Энерго" АҚ банктік шотына аудару арқылы жүргізілді. Қалған дивиденд бөлігін 123 900 720 (жүз жиырма үш миллион тоғыз жүз мың жеті жүз жиырма) теңге 2014 жылдың екінші жартыжылдығында төленеді. Осы хабарламаның толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1225589 мекен-жайында танысуға болады. [2014-07-21]