09 шілдеден бастап KASE қайталама нарығы секторында "Банк ЦентрКредит" АҚ KZP04Y03D211 (KZ2C00002640, CCBNb24) және KZP05Y05D213 (KZ2C00002657, CCBNb25) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

17.07.14 17:11
/KASE, 17.07.14/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 2013 жылдың 18 шілдесіндегі шешімімен KASE қайталама нарығы секторында "Банк ЦентрКредит" АҚ (Астана) облигацияларымен сауда-саттық ашылды. - KZP04Y03D211 (KZ2C00002640, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, CCBNb24; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 26.04.14 – 26.04.17; жарты жылдық купон, жылдық 7,50 %; 30/360); - KZP05Y05D213 (KZ2C00002657, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, CCBNb25; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 26.04.14 – 26.04.19; жарты жылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360). KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ (Алматы) атқарады. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2014 жылдың 10 маусымынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/ccbn мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-07-17]