"Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БРК-Лизинг" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2014 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

15.07.14 10:35
/KASE, 15.07.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БРК-Лизинг" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2014 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек KZ1C53110017 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 400 000 дана; - компанияның барлық жарияланған акциясы орналастырылған; - Банктің жалғыз акционері және, тиісінше, орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана) болып табылады. [2014-07-15]