ВТБ Банк АҚ Еншілес ұйымы (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2014 жылдың 01 шілдесіне үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

14.07.14 12:48
/KASE, 14.07.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған ВТБ Банк АҚ Еншілес ұйымы (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2014 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған (тек KZ1C57060010 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 2 000 000 дана; - банктің барлық жарияланған акциясы орналастырылған; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға және акционері "ВТБ Банк" ААҚ (Ресей) болып табылады. [2014-07-14]