Банк ВТБ Еншілес ұйымы АҚ (Қазақстан) KZP01Y05E715 (KZ2C00002715, BVTBb2) және KZP02M42E719 (KZ2C00002723, BVTBb3) облигациялары биржада "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

11.07.14 11:00
/KASE, 11.07.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 10 шілдесіндегі Банк ВТБ Еншілес ұйымы АҚ (Қазақстан) (Алматы) облигациялары KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: - KZP01Y05E715 (KZ2C00002715; 100 тенге, 20,0 млрд теңге; 5 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360); - KZP02M42E719 (KZ2C00002723; 100 тенге, 10,0 млрд теңге; 3,5 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 6,00 %; 30/360). Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2 тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Банк ВТБ Еншілес ұйымы АҚ (Қазақстан) жалпы сомасы 100,0 млрд теңгеге тіркеген, биржада листинг процедурасынан өткен аталған эмитенттің "ішкі" облигацияларының бірінші және екінші шығарылымы болып табылады. Банк ВТБ Еншілес ұйымы АҚ (Қазақстан) қаржы кеңесшісі және андеррайтері Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілдері "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) BVTBb2 және BVTBb3 берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін KASE веб-сайтында жарияланады. [2014-07-11]