"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2014 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

09.07.14 15:40
/KASE, 09.07.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2014 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (KZ1C49280015 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 849 559 596 дана; - компанияның 525 785 676 акциясы орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға, компанияның жалғыз акционері "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл- ауқат қоры" АҚ (Астана) болып табылады. [2014-07-09]