09 шілдеден бастап KASE қайталама нарық секторында "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ CH0246198037 (TMJLe2) және CH0246199050 (TMJLe3) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады

08.07.14 16:47
/KASE, 08.07.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2014 жылдың 09 шілдесінен бастап KASE қайталама нарық секторында "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) төмендегі облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды. - CH0246198037 (KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TMJLe2; 100,0 млн швейцар франкі, 20.06.14 – 20.06.19, жылдық купон, жылдық 2,590 %; 30/360); - CH0246199050 (KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TMJLe3; 185,0 млн швейцар франкі, 20.06.14 – 20.06.22, жылдық купон, жылдық 3,638 %; 30/360). KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш акциялардың баға белгілеуінің дәлдігі қазақстандық теңгемен көрсетілген акция бағасының үтірден кейінгі екінші ондық таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша маркет-мейкер міндеттерін "Цесна Капитал" АҚ (Астана) атқарады. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2014 жылдың 20 шілдесінен бастап енгізілген. Аталмыш акциялар бойынша нақтырақ ақпараттар KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/tmjl мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-07-08]