"ҚазТрансОйл" АҚ KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KZTO) артықшылықты акциялары бойынша 2013 жылға дивидендтер төлеуі туралы хабарлады
08.07.14 12:23
/KASE, 08.07.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE
немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана),
2014 жылдың 03 шілдесінде 2013 жылға KZ1C29950017 (KZ1C00000744,
KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTO) жай акциялары бойынша бір
акцияға 109,00 теңге көлемінде дивидендтер төленгені туралы хабарлап,
биржаға ресми хат жолдады.
Аталмыш хабарламаға сәйкес төлем сомасы 41 925 280 291,00 теңгені
құрады. Дивиденд алуға құқылы акционерлердің тізімі 2014 жылдың
13 маусымындағы жағдайы бойынша жасалды.
[2014-07-08]