"КазТрансОйл" АҚ Киев (Украина) қаласында өзінің өкілдігінің жабылып қалғаны туралы хабарлады

03.07.14 11:32
/KASE, 03.07.14/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Астана, одан әрі цитатада – Қоғам), биржаға (KASE), ресми хатпен "Қоғамның 2014 жылдың 27 маусымындағы шешімімен Киев қаласында Қоғам Өкілдігін жабу туралы шешім қабылданды" деп хабарлады. [2014-07-03]