"Батыс транзит" АҚ АҚШ агенттігі 744,0 мың АҚШ долларын (USTDA) сату және дамыту бойынша грант ұсыну туралы хабарлады

02.07.14 17:51
/KASE, 02.07.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Батыс транзит" АҚ (Алматы) биржаға (KASE), 2014 жылдың 30 маусымындағы баспасөз-хабарламасын ұсынды: ... "Батыс транзит" акционерлік қоғамы мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі саласында табысты жоба болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елміздің инвестициялық климатын жақсарту және Қазақстандағы мемлекеттік-жеке меншік серіктестігін дамыту бойынша бастамасын жан- жақты қолдайды. "Батыс транзит" АҚ құрылған күннен бастап Қазақстан Республикасын инфрақұрылымдық жобаларды орындау арқылы индустрияландыру процесіне қатысуда. ... Аталмыш баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/BTTR/bttr_reliz_300614_.pdf мекен- жайында танысуға болады. [2014-07-02]